Үйінде қарасора өсірген

Полиция қызметкерлері қостанайлық 33 жастағы тұрғынның жер үйде қарасора өсіретін бөлме жабдықтағанын анықтады. Бұл туралы Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлайды.
Шамның астындағы арнайы "жылыжайда" қарасора отырғызылған үш үлкен кастрюль табылды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары күдіктіден салмағы 55 грамнан асатын марихуана есірткісін тәркіледі.
Полицейлер бұған дейін күдіктінің 2019 жылы есірткі қылмысы үшін жауапкершілікке тартылғанын, еш жерде жұмыс істемегенін, ата-анасымен бірге тұрып, марихуана тұтынып келгенін айтады.
Жыл басынан бері өңірде есірткі қылмысына қатысты 63 дерек тіркелген. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 4 келіден асады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓