Құзырлы орган өкілдері бас қосты

29 мамыр күні Жітіқара аудандық сотында сот төрағасы Н.Бекішевтің төрағалық етуімен дөңгелек үстел өтті.
 
kr._stol_zhtikara
Онда қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу және анықтау сапасы талқыланды. Прокуратура және ІІБ органдарының өкілдері қылмыстық істі жүргізу кезінде орын алатын кейбір проблемаларын жеткізді. Қылмыстық істер бойынша азаматтық талаптарды қою және оларды қарастыру жолдары қарастырылды.
Жітіқара аудандық сотының судьялары тергеу іс-әрекеттері барысында туындайтын бірқатар кемшіліктерді атап өтті. Мәселен, куәгерлерден жауап алу, жәбірленушілерге қолхат арқылы заттай дәлелдемелерді сақтау кезінде кейбір мәселелердің туындайтынын алға тартты.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓