Салмағы – 350 келі
Қостанайда 39 жастағы әйел 350 келіге дейін семірген. Артық салмақ салдарынан түрлі аурулар пайда бола бастаған. Ағзасын ретке келтіріп, салмақ тастау үшін қостанайлық диетологтар мен психологтар оған жеке тамақтану жүйесін әзірледі.
Галина Воробьева семіргені соншалық, орнынан қозғалуы мұң болды. Оның денсаулығы да нашарлай түскен, тіпті тексеруден өтуге де шамасы келмейді. Ұзақ жылдардан бері ол алғаш рет дәрігерге осы жазда жүгінген. Қостанай қалалық ауруханада бір аптадан астам уақыт тексеруден өтті.
Бүгін Галина үйінде. Ол аздап балдақпен қозғала бастады. Алайда аяғы әлі де әлсіз. Галина мүгедектік ресімдеуде. Ол дәрігерге көрінбегендіктен, емханада мұндай науқастың бар екенін де білмеген. Қазір олар Галинаға көмектесудің барлық амалдарын қарастыруда.