Жолданбайтын хат

Жаным, амансың ба? Бұл хатты жыламай оқышы. Бірақ сен де өзім сынды көңілшек байғұссың ғой. Жасыратыны жоқ, сенімен өткен әр сәт санамда сайрап тұр. Соңғы нүкте қойылғанға дейінгі сәт… Менде басқа біреу пайда болғанын сезген күннен сенің қанша күн, неше түнің қасыңда қалуға мені көндірумен өткеніңді есіме алсам, қасарысып қалғанымды ойласам жүрегім сыздайды. Сосын келіп, «дұрыс шешім жасадым» деп жұбатам өзімді. хат2«Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» дегенді айтушы еді бәрі. Сол расқа айналғанда қайтер едім? Жарқыным, мен өз таңдауымды жасамасам, сол пәлсапа кейіпкерінің күйін кешем бе деп қорықтым. «Жігіттің бәрі бірдей: пайдаланып болған соң тастап кетесіңдер» деп, айыптағың-ақ келіп тұрған шығар. Арамыздағы таныстық, балалық достықтың алапат сезімге айналатынын мен білді дейсің бе?хат 3
Сен маған көп нәрсені үйреттің. Құшағыңа енгенімде бәрін ұмытып, шаттықтан сен де, мен де балбұл жайнаушы едік. Есіңде ме, ашөзек қалада талай сандалғанымда жанымнан табылып, екеулеп ебін тауып, «Дошираққа» тойып, мәре-сәре көңіл-күйде жатақханаға бірге қайтып, кеудеңе басып ұйықтататынсың. Сенің жылы жүзің, мейірімді жүрегіңмен мәңгілікке қош айтысқаныма өзім де сенбеймін. Сен барда шектен тыс еркінсіп, қанат біткендей «есімнен адасушы» едім. Шын айтам. Сенбейсің ғой. Бірақ енді оның еш маңызы жоқ. Әттең… Кешір мені, жарқыным… Мен өз таңдауымды жасадым. Сені ес білгелі танысам да, екеумізді ешқашан ажыраспайтындай көрсем де, тағдыр-паң билігін жүргізіп, өмір-тылсым өз жолына салады екен. Мен де тағдырдың бұйрығына қалай, қай сәттерде оп-оңай келісе салғанымды біл-мей-мін. Ия, өкпелейсің, бірақ осынша жасыңды төкпегейсің! Жыламашы, жалған жігерімді жүгенсіз қойып, екеуміздің бір-бірімізсіз қалатынымды ойласам, өзімнің де көңілім босап кетеді. Әлі де сені жақсы көретінімді білсең ғой. «Ұмыт! Жек көрем!» деген сөздеріме де сенбей қала бердің. Өйткені менің сені жақсы көргендіктен «жек көретінімді» сездің. Амал қанша… Сендегі, мендегі аласапыран сезімдерді қаластырып беру үшін «сөз» деген құрығыр не деген жеткіліксіз еді…хат4
…Қостанай – біздің шырын-шағымыз өткен қала. Қостанай енді біздің қош айтысатын жолайырығымыз болмақ. Қостанайда қалдырып кетпекпін сені. Осылай болуы керек. Мен ауылға барам, сол жақта отбасылы боламын. Сен үндемейсің, маған ештеңе айтқың келмейді, білемін, бұл –саған тән мінез. Сұрайтыным, енді ешкімге ешқашан көз жасыңды көрсетпе. Өйткені оны менен басқа ешкім елемейді… Енді мені айыптай берме. Бақыт тілеші керісінше.
Ия, енді мені, тағы бір келгенімде, Қостанай басқаша қарсы алуы мүмкін, сенің де салқындап кетеріңе шүбәм жоқ. Мүмкін, бір қалтарыстарда кездесіп те қалармыз. Бірақ көрмеген болып өте шыққанымыз дұрыс болады… Әйелім, балаларым көрмегені дұрыс! ….Білмеймін, бәлкім бұл хатты оқымайтын да шығарсың. Мейлің…
Қош бол, бойдақ өмірім!
 
Сәлеммен…

You may also like...

1 Response

  1. Еркін айтты:

    Мынау Кенженің хаты емес пе?)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓