Соғымыңыз сүйкімді болсын!

ieMcDVGn2sc
Сералы Мырзабай
ГӘФ, журанлистика мамандығының 2-курс студенті.
 
 
 
Бүгінгі таңда ақпарат тарату жолдары даму үстінде, дамығанда да қызық дамып жатыр. Ғаламторды ашып қалсаң, небір ақпараттарды көзін шалады. Қазір соғым уақыты жақындап келеді. Әрине, соғым соймайтын қазақ кемде- кем шығар. Енді сол соғымды интернет арқылы да сатудың жолын тауыпты бәз біреулер. «Sogumkz» деген парақша ашып қойған. Еніп қарасаңыз түйе, жылқы жас-жасымен, ірі қара шамасымен, бағасымен қосып жариялап қойыпты. Тапсырыс берсең болғаны, қалаған түлікті сойып, жіліктеп үйіңе дейін жеткізіп береді. Бұл бізге қай жағынан тиімді? Ия, өздері сойып, жіліктеп жеткізіп беретіндері тамаша-ақ. Бірақ көзбен көріп, қолмен ұстамаған малды қалайша сатып алуға болады. Жарайды, соғымды алдың дейік. Алайда сол соғымды қандай жағдайда сойып жатқандарын біз білмейміз ғой. Ол жер лас болуы мүмкін.согым Қазір тіпті қаңғырған ит пен мысық та көп. Оларда ашыққаннан сондай жерлерді торауылдап жүрері анық. Кім білген, жатқан етті іліп кетсе, одан тартқандай болып алып, қайтадан етке қоса салулары ғажап емес. Ал егер сол ит құтырған болса, ауруы жұқпасына кім кепіл? Сондай-ақ ол жерді қандай жауапты мекеме тексеріп жатыр? Ұрлық мал болса ше? Ауру- сау, өлі- тірісіне біздің көзіміз толық жетпейді. Анық- қанығына бармай, мұндай ұсыныстарға мойынсұна беруге болмайды.ат ко Бағалары да қымбат. Біз білеміз, қазір малда түк құн жоқ. Торғай, Аманкелді өңірлерінде мал тіпті арзан. Мысалы, екі елі беретін ту биелердің өзі 200-250 мың теңге ғана. Құнан, дөнендер 170-180, тай ,жабағы 90-140 мың теңге арасында. Ірі қара да солай. Семіз сиырлар 150-180-ге өтеді. Тайынша, қашар – 60-90 мың теңге. Бұларың ең семіз дегеннің өзінде. Қазір арық малды ешкім алмайды. Ал, бұладың малы не жеп жатқандары белгісіз, бағалары жоғарыда айтқандарымнан әлдеқайда қымбат.пишкен етНегізі, Қостанайда жылқы 900-1500 кг. Қара малы – 800-1000 аралығында. Сонда, келісіне шаққанда, интернеттегі жылқы 1800-1900, ал ірі қара 900-1500-ден келеді. Бұл дегеніміз астыртын қанауға жатады емес пе.Айтпағым, бұндай қаңқуларға сеніп, семіз малдың етін шайнаймын дегенде, бармақ шайнап қалмаңыздар дегім келеді. Арнайы барып, таңдап жүріп сойған соғымға не жетсін.
 
 

You may also like...

1 Response

  1. Сара Жақсылық айтты:

    жаза береді екен-ау!.)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓