Гаджиев Қазақстанда жазаланады

Ресейдің бас прокуратурасы 18 жастағы Гаджиев Арзу Сахибоглыны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «ЧелябинскСегодня».гаджиев-640x360Челябі облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, РФ бас прокурорының орынбасары экстрадициялық тексерудің қорытындысы бойынша шешім қабылдады. Гаджиевті қазақстандық құқық қорғау органдары қылмыстық жауапқа тартатын болады. Айыпталушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Еске салайық, өткен жылдың шілде айында Қостанайда видеоблогер 13 жасар қыздың көзіне оқ атқан болатын. Осы факті бойынша қостанайлық полицейлер қылмыстық іс қозғады. Кейін ол жігіт Челябіде ұсталған еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓