Белсенділер бас қосты
Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен слет өтті. Оған «Дипломмен – ауылға», «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламаларына қатысушылар, студенттер және жоғары сынып оқушылары қатысты.
Аудандық слеттің ашылу сәтінде аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің маманы Айман Магузумова қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, жастар ресурстік орталығы директорының міндетін атқарушы Әсел Мәзенова сөз алып, слет бағдарламасымен таныстырды. «Мақсат – Сарыкөл ауданында мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу», – деді ол.
Жалпы, белсенді жастар бас қосқан слет барысында қатысушылар топпен жұмыс жасау, көрме, презентация жобаларын әзірледі. Диалог құрып, ол жерде мемлекет пен мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік бағдараламаға қатысушылар және жастар мен мемлекеттік бағдарламалар жайында әңгіме өрбітті.
Пікірталас алаңында пайымды ой-пікірлер ортаға тасталды. Озық ойлы жастар ұйымдастырушылар назарына ілікті.
Руслан Әлкеев,
Сарыкөл ауданы.