Әйелін өлтіргені үшін сотталды

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 99-бабы 1 бөлігі бойынша айыпталған 1946 жылы туған Виктор Любимовқа қатысты сот үкімін шығарды.  сот
Осыдан екі жыл бұрын сотталушы жұбайын пышақпен жаралаған. Сот үкімімен бұл әрекеті үшін Любимовқа 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған көрінеді. Алайда, араға екі жыл салып егде жастағы ерлі-зайыптылардың отбасылық жанжалы қайғылы оқиғамен аяқталды. Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 1 мамырында Қостанайдағы үйінде сағат 12.30 шамасында алкоголдік мас күйде болған азамат Любимовқа жұбайы үнемі ішімдікке әуестігін айтып дауыс көтереді. Әйелінің қатты сөздеріне шыдай алмай ашу шақырған ол асүйден пышақ алып жұбайына бас салады. Қашып құтылмақ болған әйелін ол ұстап алып, он алты рет пышақ сұққан. Қатты жараланған жәбірленуші оқиға орнында қаза табады. убийца нож Сот үкімімен В.Любимовқа 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, алдыңғы айыбының өтелмеген мерзімі де қоса есептеліп, нақты 9 жылға қатаң тәртіптегі колонияға қамау жазасы тағайындалды.  Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 
 
Қарлығаш ОСПАНОВА 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓