Жаңа қадам – жаңа үлгі

сот орындаушы

Қазақстан Республикасының Президенті заңнамалық актілерді жаңа Қылмыстық кодекспен сәйкестендіру және қылмысқа қарсы шараларды қолдану, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына қол қойды. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР жаңа Қылмыстық кодексі қолданысқа енгізіледі. Оның ішінде, 45-бап (қамаққа алу) қолданысқа енгізілетін болады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді. Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға негізгі жазалар: айыппұл, түзеу жұмыстары; бас бостандығын шектеу; бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар, бала асырап алу және неке-тұрмыстық қатынастағы заңсыз әрекеттер, эротикалық өнімді өндіруде кәмелетке толмағандарды тарту және тағы да басқа осы сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтар заңнамасына да тиісті түзетулер енгізілді.
Осыған орай, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінен қылмыстық теріс құлыққа 58 әкімшілік құқық бұзушылық енгізілді. Жалпы барлығы 171 қылмыстық, оның ішінде 58-і әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің құрамынан, 9 жаңа, 104 аса ауыр емес қолданыстағы қылмыс құрамы келтірілген.
Айыппұл мөлшерін жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығын және сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып, сот айқындайды.
Қылмыс жасағаны үшін тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда, кодекстің 46 (бас бостандығынан айыру) – бабының ережелері ескеріле отырып, ол төрт айлық есептік көрсеткіш үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады.
Жазаның жаңа түрі "қамаққа алу" кодекске енгізілген. Қамаққа алу 30 тәуліктен 90 тәулікке дейінгі мерзімге белгіленеді. Ұстап алу мерзімі қамаққа алу мерзіміне қосылады.
Қамаққа алу кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, 58 жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге тағайындалмайды. 
Кісі өлімі және адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған жәбірленуші егер арызданушымен медиация тәртібінде татуласса және келтірілген зиянды өтегенде қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Сонымен қатар, жаңа қылмыстық кодекс кішігірім ауыр дәрежедегі қылмыстарды немесе кісі өліміне қатысы жоқ орташа ауыр дәрежедегі қыл-мыстарды жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалмайды. Ал дербес табысы немесе өзге тұрақты табысы бар кәмелетке толмағандар түзеу жұмыстарына тартылады.
Жаңа қылмыстық кодексте   экстремизм мен терроризмге қатысты жаза күшейтілді.
Айыппұлдар, түзетулер, қоғамдық жұмыстар және бас бостандығын шектеулерді кеңінен қолдану бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдардың саны азайтады деп күтілуде.
Ұйымдасқан, соның ішінде ақпараттық технологиялар мен медицина салаларына қатысты қылмысқа қарсы жаңа нормалар енгізілді.
Азамат ҚҰРМАНОВ,
Қостанай облысы прокуратурасының 2 басқарма бастығы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓