Шаршы тақта шеберлері жеңіспен оралды

Қостанайлық шахматшылар Өскемен қаласында өткен республикалық ІҮ Қазақстан спорт ардагерлері Спартакиадасында алдарына жан салмады. Бұл ауқымы аса үлкен шараға елдің әр түкпірінен 1100 спортшы қатысқан. Спартакиада аясында спорттың 13 түрінен  жарыс өтті. Қатысушылардың жас деңгейі – әйелдер 35, ал ерлер 40 жастан жоғары. Шахматтан жерлестеріміз – гроссмейстер Петр Костенко, халықаралық шебер Павел Гнусарева және Айгерім Ізмұхамбетова 1-орынға ие болды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓