Бала – басты жолаушы

Полиция майоры Юрий Панасенко баланың қауіпсіздігі үшін ата-ана жауапты екенін, перзентханадан үйге алғашқы сапарында жарақаттанудың алдын алу үшін автоорындық пайдалану қажеттігін атап өтті. Нәрестелі болған Короленко және Қозыбаевтар отбасыларына тәртіп сақшылары автоорындық тарту етті. Акция аясында полицейлер осындай іс-шараларды бала бақшалар мен мектептерде де өткізбекші.