Балағаты үшін тәулікке қамалды
Әулиекөл ауданының түбіркүлезге қарсы ауруханасының емделушісі сипирттік ішімдік ішіп алып, медбикеге былапыт сөз айтқан. Балағаты үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Істі аудандық сот қарады. Бұл айыпталушының жыл ішіндегі екінші тәртіпсізді болғандықтан, сот оны бір тәулікке қамауға алу шешімін шығарды.