Өтірігі өзін өкіндірді
Арқалық қаласының 41 жастағы тұрғынына теракт туралы жалған хабарламасы үшін 2 жыл шартты мерзім жазасы тағайындалды.
Мас әйел қаладағы "Бедняцкий" дүкені қасында 102 нөмірін теріп, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлаған. Мекенжайға келген тәртіп сақшылары ешқандай қауіптің ізін таба алмады.
Сотқа тартылған әйел кінәсін толық мойындады. Ол өзінің сол күні шектен тыс ішкенін, сондықтан осындай ақымақтыққа барғандығын, өз ісіне өкінетінін айтты.