Халықты алдап келген алаяқ ұсталды

Лисаковтық 34 жастағы Тамара Канивец атты азаматшаны қалалық сот алаяқтық жасады деп тапты. Қаралған материал деректеріне сенсек, ол тұрғындардан алдап-сулап ақша алудың тыңғылықты жоспарын құрған.Сатушы 6 жылға сотталды
Заңға қайшы алаяқтық әрекетін сенімге кіру арқылы жүзеге асырып келген. Адамдардан несие алуды өтініп, кез келген сомадағы қаражатты қалтаға бастыру қолынан келетінін айтыпты. Тек банктен алған ақшаның тең жартысын өзі иемденетінін және «келісім» бойынша бәрін өзі төлейтініне құрбандарын иландырған. «Батпан құйрыққа» келісе кеткен кіріптар жандар көп кездескенге ұқсайды. Бір айдың ішінде ғана Тамара 1 млн. 424 мың теңге жасаған.
Сот барысында ол өз кінәсін мойындамай қойды. Тіпті шағымданған жәбірленушілерді де өмірінде тұңғыш көріп тұрғанын айтып, азар да безер болды.
Дегенмен, сот оны 4 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған қоса, осы уақытқа дейін алған несиелерді түгін қалдырмай өтейтін болады.    

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓