Боксшылар Риоға аттанды

Бүгін Елорда әуежайынан Қазақстанның бокстан ұлттық құрама командасы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына аттанды.бокс
Алғаш рет  біздің ел Олимпиадада барлық 10 салмақ дәрежесінен рингке шығады. Аса ауыр салмақта жерлесіміз Лондон Олимпиадасының қола жүлде иегері, еңбегі сіңген спорт шебері Иван Дычко өнер көрсетеді. дычко
Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов: Барлық даярлық сәтті өтті, мемлекет спортшылардың жақсы әзірлігі үшін бүкіл жағдайды жасап берді. Сондықтан біз жеңіс үшін, қоржынымызды жүлделермен майлау үшін жолға шықтық,-деді аттанар алдында. 
Команда әдеттегі дәстүр бойынша өздерімен қазы-қарта, жал-жая ала кетті. Біздің спортшылар әуелден толайым күштің құпиясы осынау ұлттық тағамдарымызда деп сенеді. Біз де сенейік!
Боксшылар бәсекесі тамыздың алтысында басталады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓