Облыстың туған күніне арналды

Бүгін, яғни 29 шілде – Қостанай облысының туғаны күні. Астықты өлкенің құрылғанына – 80 жыл. Осы айтулы датаға орай, облыстық мұрағат қаламыздағы Достық үйінде “Қостанай облысы: құрылғанына және қалыптасқанына 80 жыл” тақырыбында көпшілікке арналған дәріс өткізді.IMG_0241Ең алдымен, басқосуға жиналған жұртшылық облыстың өмірінен сыр шертетін фотоқұжаттар көрмесін тамашалады. Онан кейін конференцзалда өңірдің тарихы әспеттелген бейнефильм көрсетілді. Қалың қауым алдында алғашқы болып сөз алған Қостанай облысының құрметті азаматы Сайран Бұқанов та Қостанай облысының кешегісі мен бүгіні жайлы әңгімеледі.IMG_0246
IMG_0256-Бүгін облыс үшін, бәріміз үшін ерекше салтанатты күн. Сексен жыл деген аз да, көп те мерзім емес. Бірақ, осы жылдар ішінде өңірде қаншама өзгерістер болды. Мен өзім елуінші жылдардың буынымын, сондықтан сол кез бен қазіргі уақытты салыстырып қарасам, арасы жер мен көктей. Әсіресе, соңғы жиырма жыл ішінде облыстың, әсіресе ауылдардың жағдайы қатты өзгерді. Сонау нарық жылдары ауыл тұрмақ, аудан мектептерінің өзінде жылу, жарық болмады, көптеген әлеуметтік салалар жабылып, жағдай өте қиындап кеткен еді. Соның бәрі артта қалып, ауылдарымыздың тамырына қайта қан жүгірді. Көптеген ауылдардағы мектептер мен балабақшалар, мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өткізілді. Сапалы ауыз су да тартылып жатыр. Тіпті, кейбір елді мекендерде бұрын-соңды болмаған дәрігерлік-амбулаториялар да бой көтеріп жатыр. Ауыл шаруашылығы техникаларын да жаңартып жатырмыз, баяғы ескі шынжыр балақты тракторлар жоқ, олардың орнын заманауиларымен алмастырдық. Облыс орталығының өзі қазір адам танымастай күйге енді, қаншама ғимараттар мен әлеуметтік нысандар бой түзеді. Осының бәрі сайып келгенде тәуелсіздігіміздің арқасы. Облыстың әлеуметтік дамуына, экономикасының көтерілуіне сол кездердегі бірінші хатшылар, совхоз директорлары, бүгінгі басшылар мен қарапайым еңбек адамдары да өз үлестерін қосты. Әлем аман болса, еліміз тыныш болса Қостанай облысының әлі де өркендей беретініне сенімім мол, – деді Сайран Балкенұлы.IMG_0272Мұнан кейін ҚМПИ-ның Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарихы ғылымдарының кандидаты Эльвира Наурызбаева мен ҚМПИ-ның Қашықтықтағы оқыту факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты Сергей Самаркин Қостанай облысының құрылу тарихы туралы баяндама жасаса, облыстық мұрағаттың директоры В.Вишниченко фотоқұжаттар көрмесіндегі деректер туралы әңгімеледі.IMG_0271
 
Қарлығаш ОСПАНОВА.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓