Қиыннан айла тапқан (фоторепортаж)

Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құрылғанына 15 жыл толып отыр. 2002 жылдың 1 ақпанынан бері небір қиын сәттерде қыс-жаз демей қызметін жалғастырып келеді. Қауіптілігі жоғары аудандар, ит тұмсығы батпайтын жерлер, қар құрсауы, көшкін, арнасынан асқан өзен-көлдерлегі қарғын судан болатын түрлі апаттар кезінде құтқару, іздестіріп-табу жұмыстарын жүргізу және ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті анықтаған зардап шеккендерге неғұрлым жедел көмек көрсету айрықша бөлімнің әдеттегі жұмысына айналған.IMG_4451
Қаншама табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғалар, тұрмыстық сипаттағы жарылыстар, қирандылар, қоршауда қалу, топырақ басу, құдыққа құлау, суға бату, адасу, жоғалу, апат салдарынан көлік ішінен шыға алмау секілді қатерлі кездерде аэроұтқыр жедел-құтқару жасағы әрдайым зардап шеккендердің қасынан табылды. Жасақ қызметін басаған 15 жыл аралығында 3600-ден астам іздестіру-құтқару жұмыстарына шыққан екен. Құтқарылған 4722 адамның 1103-інің бала екенін айта кету керек. 452 қаза болған адамдардың мәйіті шығарылыпты. Суреттерден мамандардың қандай қиын сәттерде әрекет етіп жүргенін көруге болады.IMG_7568
Құрылым 2004 жылдан бері ірі көлемдегі төтенше жағдайларға қатысып келеді. Әсіресе, Алматы қаласындағы Алма-Арасан шатқалының көшкін салдары, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда, Шығыс-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Ақмола және біздің өңіріміздегі қарғын су кезінде аса белсенді қызмет етуде.IMG_5144
 
IMG_5054
IMG_7453Тіркегіш, газ-электр дәнекерлеуші, барлық санаттағы жүргізушілер, кинологтар, сүңгуірлер, шағын қайық жүргізушілері, механиктер, парамедиктердің барлығы жоғары сыныпты мамандар – жігерлі және ынталы, экстремалды жасақ құтқарушылары. IMGP1650
IMGP1681Осындай жоғары кәсіби құрам жыл сайын республикалық, халықаралық жиын-семинарларға, спорттық іс шараларға белсенді қатысып, нәтижелі көрсеткштерге қол жеткізіп келеді. РФ Челябі облысында құтқару көпсайысы бойынша өңіраралық ашық жарыста 1 орын, Юрга – Ханты-Мансийск автономдық округінде құтқару көпсайысы ашық жарысына 2 орын алған құрылым елімізде өтетін жыл сайынғы «Қазқұтқару» жарыстарының бірнеше дүркін жеңімпазы екенін мақтан ету керек.IMG_6207
Жаттығу және жарыс барысында құтқарушыларға жүктелген тапсырманы орындауға жасақтың дайындығы тексеріліп тұрады. Әсіресе, төтенше жағдай кезінде жедел әрекет етуге жеке құрамның моральді-психологиялық, арнайы дайындығына, сонымен қатар құтқарушылардың дағдылауына, қауіпсіздік ережесін сақтауына және олардың өзара көмек беруіне айрықша көңіл бөлінген.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ.
 
Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының материалы бойынша әзірленді.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓