Ұмытпағын

 
 
 
Дала, дала ұшан дала,
Мен далада келемін.
Алсам әттең құшағыма,
Қысып байтақ көлемін!
 Қуандық Шаңғытбаев.
 
ақын
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Далада да ақын бар,
Ұмытпағын.
Жыр тұлпарын өзімше құрықтадым.
Ақтамаққа ұмтылдым ел үмітін,
Сақтамаққа салт-дәстүр ғұрыптарын.
 
Даланың да сайрайтын бар ақыны,
Ауылдың да, ердің де сол жақыны.
Намысы бар, ары бар, міндеті бар,
Елдің сөзін сөйлеуге ол хақылы.
 
Иә солай,
Айтатын ойымыз бар,
Мұңымыз бар, сырымыз, тойымыз бар.
Қалалықты мінбеден «қақылдатпай»,
Далаға да сөз беріп қойыңыздар.
 
Далада да ақын бар,
Ұмытпағын.
Абай Қажи.
Әулиекөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓