Алма мен ару
Алма ағашы бүгін бүршігін жарды,
Тереземнің тұрған түбінде.
Бозбала шағым алыста қалды,
Бозқырау шалды бүгінде.
«Шықсам», – деп алма талпынып
тұр-ау,
Тірліктің тірі бөлшегі.
«Құшсам», – деп жүрек алқынып
тұр-ау,
Аяулы жаным тек Сені!
Марғасқа, маңғаз мақтаным,
Арайлап атсын ақ таңың.
Қатарым сиреп қалды деп,
Қайғыра көрме, қарттарым.
Қайырмасы:
Өзіңе теңеу таппадым,
Бәйгеңе тұлпар баптадым.
Тілекшім болып жүретін,
Тірі жүріңдер қарттарым!
Қайырмасы:
Абай Қажи.
Әулиекөл ауданы.