ІІД-нің әлеуметтік желісі өз жұмысын тоқтатты
Қостанай облыстық ІІД-не WhatsApp мессенджерінің көмегімен құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы енді хабарлауға болмайды. Бұл жөнінде ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді. Өткен жұмадан бастап департаменттің аккаунты өз жұмысын тоқтатты. ІІД баспасөз қызметінде бұл мемлекеттік органдардың ғимаратында смартфондарды қолдануға тиым салуға қатысты екенін жеткізді. Айта кетсек, WhatsApp желісі Қостанай облысының тұрғындары арасында кең сұранысқа ие болды. Олар онлайн режимінде құқық бұзушылықтар мен суреттерді жіберіп отырды.
Енді хабарламаларды танымал әлеуметтік желілерде қалдыруға болады. ІІД барлық аккаунттары пайдаланушылар үшін ашық.