Екі әйелді пышақтаған
Қостанай облысында екі әйелді пышақтаған 39 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қайғылы оқиға Қарасу ауданында болған. «Октябрь ауылдық емханасына ауыр дене жарақаттарымен 37 жастағы әйел адам түсті. Оқиға орнына барған теміржол бекеті полицейлері үйден 52 жастағы әйелдің мәйітін тапқан. Кейін белгілі болғандай, әйел айуандықпен өлтірілген. Күдікті мас болған», – деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Іс деректерінде көрсетілгендей, 39 жастағы ер адам бірге тұратын әйелмен сөзге келіспей, жанжалдасып қалады. Сәлден соң ол әйелге пышақ сұққан. Бұған қоса, араша түспек болған жәбірленушінің құрбысына да пышақ ала жүгірген. Қарасу аудандық ІІБ қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» тауып алды.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабымен («Кісі өлімі») сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.