Өңірде 470 мың га егістік алқапқа қауіп төніп тұр
Кеңесте биылғы егін орағы турасында әрі ауруға шалдыққа егістік алқаптарды қалпына келтіру жайында пікірлер айтылды. Мамандардың әңгімесіне құлақ түрсек, егер дер кезінде алдын алмасақ, бидай түсімі мен сапасынан шаруалар зардап тартпақ. Тіпті, 600-700 га аумақты бұл дерт шарпып кетпек.
Қазір шеминовтік егістіктің бидайы бітік. Егін орағына дейін бұл жағдай күрт өзгеруі анық. Бидайға дат түскен. Бұған әрине, шаруашылық басшысы Юрий Чеховский алаңдаулы. Бірақ қайтпек? Оның бұл ауруды алдын алуға қазір экономикалық жағдайы көтермей тұр. Сондай-ақ, уақыты да кеш болды. Бидай түсімінен ұтылсақ ұтылармыз, бірақ түбі бұл жерді улауға тура келеді деген рәуіште әңгіме өрбіткен кәнігі диқан Юрий Борисович әліптің артын бағатынын білдірді.
Осы тәрізді пікірлерге Архимед Бегежанұлы қалай да алдын алу керектігін, жерді қайта өңдеуден өткізіп, бидай ауруын деңдетпеу қажеттігін айтты.
Толық материалды газеттің жұма күнгі санынан оқи аласыздар.
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.