Екі адам “судан құтқарылды”
Қостанай қаласының ТЖ басқармасы қызметкерлері мен «ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық альянсы» Қоғамдық қорының белсенділері орталық қалалық жағажайда көрініс оқу-жаттығуларын жүргізді. Олар қала тұрғындарына суға батып бара жатқан адамды құтқару көрінісін баршалыққа көрсетті.
Жаттығу шарты бойынша, Жастар мәслихатының еріктілері батып бара жатқан адамдарды сомдап, судағы құтқарушылардың да рөлінде болды. Яғни, акцияға қатысушылардың ішінен екеуі жағалаудан жеткілікті жерге дейін жүзіп барып, «суға бата» бастады. Оларға көмектесуге құтқарушылар жөнелді. Батып бара жатқандарға дөңгелектер лақтырылып, судан шығарылды және жағаға ойдағыдай жеткізілді.
Құтқарушылар мұндай жағдайларда алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсете білу өте маңызды екенін алдын ала ескерткен еді. Ағзаға түскен су ауа жолдарын жабуы мүмкін. Жігіттер өз күштерін сынап, шартты зардап шеккендердің бірін өмірге қайтарып көрді, олар оны басын шалқайтып шалқасынан жатқызды. Содан соң олар аузынан үрлеп, кеудесінен бір ырғақпен басты, әлсін-әлсін тамыр соғысын өлшеді, бір сөзбен, барлық қажетті реанимациялық шараларды жасады,. Аз уақытта зардап шегушінің жүрек соғысы қалпына келді. Жалпы, көрініс сәтті өтті.
Белсенділердің бұл ойластырылған оқиға бойынша қойған көрінісін тамашалаушылар аз болған жоқ. Барлығы – демалып жүрген жандар. Алайда, сөйте тұра, алдын алу шараларына қарамастан, қалалықтар судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін бұзуды жалғастыруда. Ересектер мен балалар болып жатқанға назарларын аударды. Құтқарушылар олармен әңгімелесулер жүргізді, ал волонтерлер судағы қауіпсіздік ережелерімен жадынамалар таратты.
Құтқарушылар арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылу керектігі туралы кезекті мәрте ескертеді. Қостанай қ. ТЖБ инженері азаматтық қорғау лейтенанты Г.Жолбарысованың айтуынша, орталық қалалық жағажайда, сонымен бірге «Махито» және «Ақ шаңырақ» жеке меншік аумағында шомылуға рұқсат берілген. Қала бойынша шомылуға тыйым салынатын белгі 5 жерге орнатылған.
«Төтенше жағдайсыз жазғы демалыс» акциясы – судағы қауіпсіз демалыс ережелеріне бағытталған жалғыз ғана іс-шара емес. Мұндай оқу-жаттығуларды жағажай маусымы уақытында құтқарушылар мен Жастар мәслихатының еріктілері айына екі рет жүргізетін болады. Сондай-ақ, қала сыртындағы балалар лагерлері мен мектеп аулаларында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.