Архимед Мұхамбетов: «Қуануға әлі ерте…»

Өңір басшысының Денисов, Жітіқара,
Қамысты аудандарына жұмыс сапары
 
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Денисов, Жітіқара, Қамысты аудандарына барып, диқандармен кездесті. Бұл аудандардың егістік алқаптағы жағдайы солтүстіктегі аудандарға қарағанда біршама көңіл қуантады.IMG_8443
 
IMG_8287Алдымен Денисов ауданына ат басын бұрған Архимед Бегежанұлының кортежі «Сарыағаш» ЖШС-не тиесілі егістік алқапқа келді. Шаруашылық директоры Өтеген Мұртазин барлық мән-жайды баяндап, әкімге қазіргі таңда мал шаруашылығымен айналысатындарға қаржыны көптеп берілуін жеткізді.IMG_8396
Содан соң өңір басшысы «Ольшанское» ЖШС-нің егістік алқабына назар аударды. Бұл маңға Денисов ауданының біраз шаруалары жиналып қалған екен. Олар биылғы астықтың түсімі былтырғы жылға қарағанда тіпті, жақсы болатынын айтты. Бірақ Архимед Бегежанұлы әлі қуануға тым ерте екенін, алдағы айлардан аман-сау өтіп алайық, бейқамдық танытпайық  деген рәуіште сабырлық таныту керектігін айтты. Диқандардың егін ору науқанына дайындығын пысықтап, қаржы мен жанар жағар майдың жеткілікті болуын талап етті. Аз-кем әңгімеден соң әкім келесі нысанға – аудан орталығында 2014 жылдан бері салынып жатқан су құбыры жүйесінің құрылысына келді.IMG_8462
Аудандық архитектура және қала құрылысы бөлімінің басшысы Елена Артемчук аталған нысанның құрылысын қысқа-нұсқа баяндап, биыл желтоқсан айына дейін мердігерлер жұмысты тәмам қылатынын әңгімеледі.
– Су құбырының жағдайы маған мәлім. Тым сағыздай созылып кетті. Тезірек бітіріңіздер,– деп мердігерге тапсырма жүктеді. Мердігер сәтін салса қарашаның ортасында нысанды толық аяқтаймын деп уәде берді.IMG_8519
Мұнан кейін шекаралас Жітіқара ауданына келген облыс әкімі «Орион Минералс» ЖШС-нің бүгінгі қарқынын байқады. Бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда қазір шаруашылықтың жағдайы көңіл көншітпей тұр. Бірақ сонда да кен өндіруші кәсіпорын бұл қиыншылықтан қалайда құтылатынын жеткізді.
Өңір басшысының бұл аудандағы тағы бір назар аударған мәселесі – Жітіқара-Қамысты-Ливановка бағытындағы облысаралық тас жолының қазіргі жағдайы болды. «Жол қиындығын жүрген білер» демекші, расында да бұл тас жолының құрылысы біраз сиырқұйымшақталып кеткені бар. Мәселемен толық танысқан Архимед Бегежанұлы қайта қосылатын жолды ең әуелі тиянақтап шешкен жөн екенін, жол өтетін жерлердің иелерімен, түйісетін жол үстіндегі ауылдың халқымен пікірлесу керектігін жеткізді.IMG_8284
Осы тұста жітіқаралықтардың «Көркейе бер, Қостанай» акциясына белсене атсалысып отырғанын айта кеткен жөн. Аудан әкімі Абай Ибраев акция аясында қала көшелері әсемделіп, иесіз қалған бос үйлер қайта жөндеуден өтіп, жағажайдың көркі көз тартар кейіпке түскенін баяндады. Бұл жетістікке аудан әкімдігі «Қостанай минералдары» АҚ-мен  бірлесіп жасалған меморандумның нәтижесінде жетіп отыр. Басқа кәсіпкерлер де демеушілік көрсетіп, аудандық автобекетті жаңартыпты. Жалпы, жыл аяғына дейін 100 млн. теңгеден астам қаржы осы акция бағытына жұмсалады екен.
Жітіқарадан кейін өңір басшысы Қамысты ауданына бет бұрды. Алдымен, аудандағы Борис Князев басқаратын ең алып шаруашылық – «Алтынсарин» ЖШС-нің егінжайымен танысты. Бұл шаруашылық 120 мың гектардан астам алқапқа дән сепкен. Биылғы егіннің түсімі де жақсы дейді Борис Павлович. Тек ауа райы егінді орып алуға кедергі қылмаса болғанын жеткізді.IMG_8522
IMG_8640Қамыстылықтар да «Көркейе бер, Қостанай» акциясы аясында аудандық С.Бекшентайұлы атындағы мешітке күрделі жөндеу жұмысын жүргізіпті.
Тағы бір жағымды жаңалық жақын арада аудан орталығында сыйымдылығы 10 мың тоннаға жуық астық сақтайтын қойма ашылмақ. Бұл қаржы жобасын «Қайрат» ЖШС-нің директоры Төремұрат Өтепов қолға алған. Ол сондай-ақ, аудан орталығын нан өнімдерімен қамтамасыз ету үшін тағы бір кәсіпорын ашпақ.IMG_8575
IMG_8521Егін орағы науқаны алдында үш ауданды аралап, тыныс-тіршілігімен танысып, диқандармен жүздескен Архимед Бегежанұлының бұл іс сапарын толығымен газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.
 
Нұрболат Мешітбаев.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓