“Астанаға” жол берді

ҚР чемпионатының кезекті тур ойынында «Тобыл» аяқдопшылары Астанаға қонаққа барды. «Астана Арена» спорт кешенінде өткен тартысты басталды дей алмайсыз. Алғашқы он минутта қос клуб бір-бірін аңдысып бақты. «Астана» шабуылындағы Лукман Аруна, Патрик Твумаси, Таңат Нөсербаев, Серікжан Мұжықов сынды серкелер жиырмасыншы минут басталысымен Логиновский қақпасына лап қойды.57139497c39e2 Чемпиондар лигасындағы пайдалы ойындарымен жақсы таныс Серікжан Мұжықов сол қапталдан «Тобыл» қорғаушыларына маза бермеді. 32 минутта таблодағы көрсеткіш өзгерді. П.Твумасидің оң жақ бұрыштан берген пасын Л.Аруна голға айналдырды.57139417070e4 Осыдан соң «Тобол» қатарынан тек Сергей Яворскийдің алыстан тепкен добын айтпағанда, бірінші тайм аяқталғанша командалар сылбыр ойнады.
Кездесудің екінші бөлігінде Д.Огай  Т.Досмағамбетовтың орнына Р.Джалиловты, ал А.Мухутдиновты шабуылшы К.Дудченкоға алмастырды. Іле-шала Сергей Хижниченко гол соққан, бірақ қапталдағы төреші жалаушасын көтеріп үлгерді. «Тобыл» 80-ші минуттан соң бірінші нөмірмен өнер көрсетті. Томаш Шимкович «Астана» айып алаңына төрт бірдей пас әуелетті. Бірде қақпашының жолы болса, енді бірде қостанайлықтарға сәттілік жетіспеді.571394a62de60
Осылайша, «Астана» футбол клубы шашасына шаң жұқтырмай келеді. Алты ойында – алты жеңіс.
 
Алаңға мына құрам шықты:
«Астана»: Эрич (Қ), Постников, Аничич, Каньяс, Твумаси, Максимович, Аруна, Шомко, Мұжықов, Нөсербаев (К), Логвиненко;
Қосалқы құрам: Мокин (Қ), Деспотович, Абдурахими, Бейсебеков, Гурман, Кульбеков, Шаихов, Наджарян, Тагыберген.

«Тобыл»: Логиновский (Қ), Дяк, Кассай, Шимкович (К), Яворский, Дмитренко, Досмагамбетов, Лёвин, Мирониченко, Мухутдинов, Хижниченко;
Қосалқы құрам: Бусурманов (Қ), Дудченко, Н'Диайе, Главина, Аслан, Джалилов, Жұмасқалиев, Кургулин, Розыбакиев.

 
Суреттер Қазфутбол сайтынан алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓