Ғимараттар түрлі түске боялды

Жыл басында облыс әкімі А.Мұхамбетовтың бастамасымен “Көркейе бер, Қостанай!” акциясының тұсауы кесілген болатын. Шараның мақсаты – өңірдегі ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді, жеке тұлғаларды әлеуметтік және қоғамдық нысандарды жөндеу, жаңарту, күтімге алу жұмыстарына тарту. Яғни, акция аясында әрбір азамат өз туған жерін, ауылын, қаласын көркейтуге үлес қоса алады.IMG_5497
 Бүгінде “Көркейе бер, Қостанай” акциясы аясында қаламыздағы көпқабатты тұрғын үйлер мелекеттік-жекеменшік әріптестіктің арқасында түрлі түске боялып, жаңа кейіпке енуде.
-Тұрғын үйлердің әктеу жұмыстарына жеке кәсіпкерлер тартылды. Қай үйлердің сыртқы келбеті жаңартылатындығы туралы қала құрылысы кеңесінде бекітілген болатын. Бүгінде облыс орталығындағы 11 үйдің сыртын әктеу жұмыстары аяқталды. Ал, қалған үйлерді де түрлі-түске бояуға қатысты 21 келісім-шарт жасалды. Бұл жұмыстарға 14 бригада жұмылдырылды, – дейді Қостана қаласы әкімінің бас инспекторы С.Жанділдин.IMG_5496
Тұрғын үйлерді әктеуге арналған бояулар бюджеттік қаражатқа алынбаған. Бұған кәсіпкерлер қомақты үлес қосуда. Жалпы, қаладағы көпқабатты 40 тұрғын үй осындай түрлі-түске боялады деп күтілуде. Сондай-ақ, акция аясында сырттан тартылған қаражаттар есебінен қаладағы басқа да ғимараттар мен көшелерді жөндеу де жоспарланып отырған көрінеді.
Қала тұрғындарына ерекше көңіл-күй сыйлайтын мұндай үйлердің келбеті қостанайлықтардың да  көңілінен шығуда.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓