Үздіктерге марапат

Қостанайда «Қазақстанның ең үздік тауары» аймақтық байқау-көрмесінің жеңімпаздары анықталды.
Олар облыстық Кәсіпкерлер палатасы аймақтық кеңесінің естелік сыйлықтарымен және грамотамен марапатталды.
Сонымен, өңірдің намысын байқаудың республикалық кезеңінде қорғайтын үміткерлер белгілі болды. «Өндірістік маңыздағы үздік тауар» номинациясында «Большевичка» кооперативі, «Қостанай трактор зауыты» және «Астық» элеватор құрылғылар зауыты» ЖШС-тері жеңімпаз атанды. Ал «Халыққа арналған үздік тауар» аталымына «Азурит ПТФ», «СарыарқаАвтоПром» және «Содалит Костанай» ЖШС-тері ие болды. «Үздік азық-түлік тауары» номинациясы «ДЕП» ЖШС, «От Разумовича» тауар маркасы бар «Аян Озат» ЖШС және «Радченко» ЖК-не бұйырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓