Мәртебелі мейман РИИ-де
Жуырда БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов Рудный индустриялық институтында болды.
Мәртебелі мейман құрылғанына 55 жыл толып отырған білім ордасын аралап, бас ғимараттың холында ұйымдастырылған оқу материалдық-техникалық базасының көрмесін тамашалады. Сапар барысында Саят Нұрмұхаммедұлы өндіріске қажетті білікті мамандар даярлауда институттың атқарып жатқан жұмыстарына ризашылығын білдіріп, оқу орнының басшысы Әбдірахман Найзабеков пен оның ұжымына зор табыстар тіледі.
Қуаныш Есқабыл