Өтінішті 3 күннің ішінде беру қажет

Ағымдағы жылы “Неке және отбасы” заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын. Өзгерістер жайлы,  соның ішінде бала тууы туралы өтініштерді беру мерзімі жайлы облыстық әділет департаментінің мамандары мәлімдеді.отбасы
Бұрын баланың тууы туралы өтінішті екі ай ішінде беру тиіс болатын болса, енді жаңа өзгерістерге байланысты баланың ата-анасы, не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс. Бұл заң ағымдағы жылдың 25 шілдесінде өз күшіне енеді. Бірақ, белгіленген күннен кешіккен жағдайда айыппұл салынбайды. Тек, екі жолмен шешуге мүмкіндік бар.
-Баланың ата-насы туу туралы өтініш беру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына, не болмаса азаматтардың хал актілерін тіркеу  бөлімдеріне барғанда не себепті кешіккендігін растайтын түсініктеме мен баланың денсаулығы жайлы медициналық анықтама әкеледі. Яғни, үш күннен кешігіп қалған жағдайда ешқандай шара қолданылмайды, – дейді облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары міндетін атқарушы Г.Мусина.
Мамандардың сөзінше, ауылдық тұрғындар өтінішті селолық әкімдік арқылы бере алады, ал ондағылар құжатты тіркеп, аудандық хал актілерін тіркеу бөліміне жібереді. Мұнан бөлек, қазір өтінішті перзентханадан шықпай-ақ беру туралы сұрақ та әзірленіп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, бала тууына байланысты өтінішті электронды үкімет порталы арқылы да беруге болады. Тек, сандық қолтаңбаны қоюды білсеңіз жетіп жатыр.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓