Спирт цистернамен төгілді
Қостанай «Алматы-Екатеринбург» тасжолында спирт тиелген Volvo автокөлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 6 ақпан күні Қостанайдағы халықаралық автожолдардың бірінде болған.
«Volvo көлігінің 60 жастағы жүргізушісі Крылов- араоба жолдарының қиылысында рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан тіркеме цистернадан ағытылып, жолдан шығып кеткен. Цистерна құйылмалы спиртке толтырылғаны анықталды», – деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженар агенттік тілшісіне. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.