Мереке күнгі марапат

            Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні елдің түкпір-түкпірінде аталып өтті. Бұл мерекеге меңдіқаралықтар да үн қосты. "Елбасы елімен бірге" атты салтанатты жиын өтіп, шара аясында "Меңдіқара ауданы жастарының алтын кітабы" лауреаттары марапатталды.WhatsApp Image 2019-12-03 at 11.37.28
            Мерекелік мәжіліске аудан басшылығы, барлық мекеме-ұйым өкілдері және меңдіқаралық тұрғындар қатысты. "Елі сүйген, елін сүйген Елбасыға" арналып баяндамалар жасалып, жүрежарды лебіздер айтылды. "Нұр Отан" париясының аудандық филиалының өкілдері мемлекеттік қызметке алғаш рет кіріскен мамандарға партия билеттерін табыстау рәсімін жүргізді.
            Шараның маңызды бөлігі – әр салада табысқа жетіп, туған жердің даңқын асырып жүрген үздік жастарды марапаттау салтанаты болды."Меңдіқара ауданы жастарының алтын кітабының" лауреаттарының саны бес үлгілі жаспен толықты. Атап айтқанда, кикбоксингтен халықаралық деңгейдегі спорт шебері, әлем чемпионаты кубогының иегері, кикбоксингтен Қазақстан құрамасының мүшесі Дидар Төлебаевқа және жекпе-жек ұлттық спорт түрінен ҚР жүлдегері Сәтбек Есенгелдинге құрмет көрсетілді. Ал "Мәдениет" аталымы бойынша жас айтыскер ақын Дінмұхамбет Құсайынов лауреат атанды. Тағы бір жас дарын Мирас Жоламанов "Педагогтық қызмет" аталымы бойынша марапатталса, "Жастар көшбасшысы" номинациясында жергілікті "Жаса" қоғамдық жастар қорының жетекшісі, "Жас проджект" жобасының басшысы, шағын  футболдан аудандық лиганы құрушы Серік Ауғымбаевтың "Алтын кітапқа" есімі енді.WhatsApp Image 2019-12-03 at 11.37.29
            Мерекелік шара жергілікті өнерпаздар дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓