Қаламыздағы балалар шығармашылығы мектебінде орыс тіліндегі КВН ойындары ашық лигасының финалы өтті.

"Қостанай" КВН ашық лигасының ақтық мәресіне 5 команда қатысқан болатын.

Қорытындысында «Қостанай қаласының құрама командасы» облыс әкімінің кубогі мен 1 млн теңгеге ие болды.

Сондай-ақ, «Сборная школьной лиги КВН" (Қостанай қаласы) тобының ойыны да көрермендердің көңілінен шықты.

Көңілділер мен тапқырлардың ойынын жастар бастамасы орталығы ұйымдастырды.
Мешіт Ғазиз
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков