Теракт құрбандарының отбасына – 15 млн. теңгеден
Алматыда болған терактіден қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден, ал зардап шеккендердің отбасына бес миллион теңгеден беріледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Алматыда болған атыстан полиция капитаны Бауыржан Нұрмаханбетов, кіші сержант Мақсат Сәлімбаев пен полиция старшинасы Аян Ғалиев қаза тапқан еді. Бүгін белгілі болғандай, хал үстінде жатқан жол-патрульдік полициясының мамандандырылған батальонының аға инспекторы, 30 жастағы Тимур Бегасылов түс кездерінде көз жұмды.