Шеру өтпейді

Жеңістің 75 жылдығы күрделі эпидемиологиялық жағдаймен тұспа-тұс келді. Осыған байланысты биыл барлық мәдени-көпшілік және спорттық шаралар, мәңгілі алау маңындағы салтанатты шерулер, гүл қою рәсімдері, концерттік бағдарламалар өтпейді. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.programma
Биыл бірінші рет "Қаһарман ұлт" акциясы онлайн режимінде өтеді. ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың, ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің суреттері 9 мамыр күні сағат 9:30-дан 12:00-ге дейін "Qostanay", "Алау", "Қостанай кабельдік желілері" арналарындағы телемарафондар барысында көрсетіледі. Сондықтан акцияға қатысушылардың портреттері What’s app 8-701-941-75-75 нөмірі арқылы қазірден бастап және ертең сағат 11.30-ға дейін қабылданады.
Сондай-ақ, облыстық ПД мәліметінше, мереке күні саябақтар мен скверлердегі, сонымен қатар табиғат аясына шығуға ыңғайлы жерлерді бақылау күшейтіледі. ТЖ режимін бұған тұлғалар әкімшілік жазаға тартылады. Мұның сыртында, үлкен жастағы адамдарға денсаулықтарын сақтау үшін себепсіз көшеге шықпау ескертіліп отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓