Әнші балалар байқауы
Қостанайда «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының аймақтық іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Облысымыздың аудан, қалаларынан келген елуге жуық бала қаладағы «Мирас» мәдениет сарайына жиналды. Таңертеңгі 10.00-ден басталған кастингтің қорытындысы кешке белгілі болады. Жеңімпаз атанған қатысушы байқаудың гранд-финалында Қостанай облысының намысын қорғайды.
«Бала дауысы» I ұлттық балалар ән байқауы биылғы жылдың 14 мамырында бастау алды. Идея авторы және бас продюсері – Әлия Назарбаева. Байқаудың ресми әріптесі – ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған.
Қазақстан эстрадасының әншілерінен,танымал продюсерлер мен режиссерлерден құралған топ 21 мамырдан бастап талантты балаларды іздеуге кірісті. Шығармашылық ұжым еліміздің 11 қаласында болып, арнайы кастингтер өткізді. Іріктеуге 7-13 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
Бұл байқау 14 облыс пен 2 қала, Астана және Алматыны қамтымақ. Өнер иелерінің өңірлерге сапары 10 тамызда аяқталмақ. Қорытындысында әр облыстың атынан бір бала ұлттық ән байқауында бағын сынайды. Жартылай финалға жолдама алған аймақ жеңімпаздары Алматы қаласындағы "Жұлдызды үйде" екі апта дайындалады. Сол жерде қатысушылар күзге дейін жаңа әндер үйренеді. Сольфеджио, хореография, әртістік шеберлік бағыттары бойынша білім алады.

– Алда үш қала бар. Ақтау, Атырау, Ақтөбеге барамыз. Байқау аясында екі мыңға жуық бала өнер көрсетті. Үздік орындаушыны таңдау оңай емес. Себебі, қатысушылардың бәрі талантты. Жартылай финалға шыққан балаларға арнап 16 жаңа ән жазып, дискілерін республиканың барлық мектептері мен балабақшаларына тегін жолдаймыз. Сайыстың қорытындысын тікелей эфирден көре аласыздар. Жеңімпаз республикамыздағы ең үздік музыка мектептерінің бірінде тегін білім алатын болады,-деді байқаудың pr-менеджері Марина Миллер.
Қостанайлық балалардың өнерін тамашалауға «Славян базары-2015» байқауының Гран-При иегері Димаш Құдайбергенов, әнші, музыкалық продюсер Фарида Ниязова, композитор Ғалымбек Исмбергенов келді. Үздік орындаушыны осы аталған шығармашылық топ анықтайды.

Қымбат Досжанова.
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай.