Музыканттар мүйісі

Рудный қаласында алғаш рет музыканттарға аспаптарды жалға беретін және даярлық өткізуге мүмкіндік сыйлайтын шығармашылық студия ашылды. студия
Идея авторлары – Ирина және Александр есімді рудныйлықтар. Кәсіби музыканттар емес, арнайы білімдері де жоқ. Бірақ шығармашыл жандар. Өздері сынды адамдарға қолқабыс білдірудің осындай жолын тауып отыр.
Қаладағы Ғарышкерлер даңғылындағы бизнес-орталықтың 5-қабатынан орын тепкен студияның атауын әлі ойлап таппаған. Дегенмен, егелері шағын аядағы ашылу рәсімін өткізіп, жиылғандарға өздерінің жобалары туралы мәлімет берді. Шараны музыкамен әрлеп, ұтыс ойындарын да өткізді.
Қазірдің өзінде студияда музыкалық аспаптың бірнеше түрі бар: жартылай акустикалық гитара, бас-гитара, электрлі гитара, дауыс зорайтқыш… Мәселен, бұл гитаралардың кез келгенін бір аптаға жалға алу құны 4 мың теңге тұрады. Қожайындар таяу арада студияға дыбыс және шам эффектілеріне арналған аппаратуралар, микрофондар сатып әкелмек.
Нақты музыкалық бағытпен Александр айналысса, Ирина дизайнерлікті қолға алатын болады. Үнді әшекейлерімен, шағын кештерді безендірумен, шеберлік сыныптарын ұйымдастыру-өткізумен шұғылданбақ. Жалпы, бұл жасампаз жандардың ертеңгі күндерге еншілетіп отырған үлкен жоспарлары мен қызықты идеялары көп.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓