Мастықтың “пайдасы”
Қарабалық ауданы орталығындағы Речной көшесінде жолаушылы скутер иесі жүйткіп келе жатып, рөлге ие бола алмай, жыраға құлаған. Бұл оқиғаға дейін олардың жағажайда сыра ішіп отырғанын көргендер бар. Апат салдарынан скутерге мінгескен 32 жастағы жолаушы ауыр жарақат алды. Жедел жәрдем келгенше оған куәгерлер алғашқы көмек көрсеткен. Науқас ауыр бас жарақатымен жан сақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы күрделі, бірақ тұрақты дейді дәрігерлер.
Сондай-ақ, ақ халаттылар шұғыл түрде тағы екі аудан тұрғынының өмірі үшін күресті. Олар өз-өздеріне қол жұмсамақ болған. Мас күйлерінде қарындарына пышақ ұрған. Бірі – 46-да, екіншісі – 33 жастағы азамат. Қазіргі уақытта өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.