Ән қонған әулет

Тобыл қаласының «Алтын дән»  мәдениет үйіндегі «Шаңырақ» ұлттық өнер орталығында «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында өнер қонған әулет – Алпысовтар отбасымен кездесу  өтті. Жүздесуді облыстық көркемөнерпаздардың  халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы ұйымдастырды.
Мәдени іс-шара  мақсаты – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы  «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» арнайы жобасы негізінде халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері саналатын қиссалар мен жырларды, жыршылық өнерді насихаттау.
Кездесу аясында белгілі жыршы, термеші  Нағашыбай Алпысов Тобыл-Торғай өңірінің жыршылық мектебінің тарихына тоқталып, «Құлагер» поэмасының әуендік ерекшеліктерін үш түрлі мақамда орындап көрсетті. 
Жыршының жолын қуып, дәстүрлі өнердің дамуына үлес қосып жүрген балалары – Абзал, Серік, Әбдарахман Алпысовтар жыр, терме және авторлық әндерін орындап, ұлттық өнер жайында ойларын ортаға салды.
Келелі кездесу соңында облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының басшысы Дәмер Қалқаев Алпысовтар отбасына шығармашылық табыс тілеп, Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың алғыс хатын табыстады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓