Екі көлік соқтығысты
16 шілде күні Парковая көшесінің бойында Киа Рио мен ВАЗ-2106 көлігі соқтығысып, 5 адам жарақат алды.
Рудный қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Арман Ищановтың айтуынша, Киа автокөлігінің жүргізушісі мас күйінде жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, қарсы келе жатқан ВАЗ автокөлігіне соқтығысқан.
-Жол-көлік оқиғасының салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі, оның әйелі мен екі баласы ауруханаға түскен. Бүгінде олардың жағдайы бірқалыпты. Өмірлеріне қауіп жоқ. Ал Киа көлігін тізгіндеген азамат3 жылға жүргізушісі куәлігінен айырылды. Сот жарақат алған тараптың медициналық сараптама нәтижелері бойынша жаға тағайындайтын болады, – дейді Арман Серікұлы.
Айта кетерлігі, 18-24 шілде аралығында қала бойынша «Назар аудар, жаяу жүргінші!» жедел алдын алу шаралары өткізіледі. Бұл соңғы уақытта өршіп бара жатқан жол-көлік оқиғаларының статистикасын азайтуға оң септігін тигізеді дейді тәртіп сақшылары.