Өрт қауіпсіздігін сақтайық
Көктем және жаз мезгілдерінде өрт шығу қаупі артады. Мұндай уақытта кез келген адамның қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы маңызды. Қала әкімі Қ.Ахметов жаз айларында тілсіз жаудың алдын алу, тіпті ондай жайсыз оқиғаларды болдырмау мақсатында қалалық ТЖБ басшылығы мен жеке құрамына нақты тапсырмалар берді.
Дала аумақтарымен шектесіп жатқан Дружба, Қонай, Амангелді шағын аудандарының тұрғындарына өрт қауіпсіздігі туралы жадынамалар, хабарламалар, ескертулер таратылады. Осындай жадынамалар саяжайға баратын қоғамдық көліктерде хабарланып тұруы тиіс. Қала басшысы шөп және дала өртінің бақылаусыз таралуын болдырмау мақсатында саяжай, баубақша қоғамдарының және қаланың шетіндегі орман алқабын бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондайақ, суға кету оқиғаларының алдын алу үшін шомылуға тыйым салынған жерлерде белгілер орнатылмақ.