Н.Назарбаев, ҚР Президенті: Арандатуларға бой алдырмау керек

Бүкіл елдің жағасын ұстатқан бүгінгі Алматы қаласындағы оқиғаларға байланысты Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысын өткізуде.акорда

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысында азаматтарды ақпараттық кеңістіктегі ықтимал арандатуларға бой алдырмауға шақырды, деп хабарлайды "Қазақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыс барысында Ішкі істер министрі Қ.Қасымов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы В.Жұмақанов, сондай-ақ Алматы қаласындағы оқиғаларға қатысты Қауіпсіздік Кеңесінің басқа да мүшелерінің баяндамасы тыңдалды.
Қазақстан Президенті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көңіл айтып, мемлекеттік органдарға оларға қажетті барлық көмектерді жасауды тапсырды. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓