Тобылды жүзіп өтем деп…

Кеше Рудныйға 3 шақырым жерде орналасқан Юбилейный ауылында жас жігіт суға батып кетті. Бұл ақпаратты Рудный қалалық су-құтқару стансасының басшысы Михаил Югай растап отыр.суга кетти
-Бізге хабарлама 13 шілде күні сағат 18.00 шамасында келіп түсті. №18 саяжай жақтағы пантондық көпірдің маңында жас жігіт судың құрбаны болды. Бұл аумақ Таран ауданына қарасты болғанымен, төтенше жағдайлар кезінде сүңгуірлерімізді жібереміз. Бұл жолы өзеннен 1999 жылы туған Юбилейный ауылының тұрғынының өлі денесін алып шықтық, – дейді ол.
Кейін белгілі болғандай, қайтыс болған жігіт пен оның досы пантондық көпірдің жанына келіп, өзеннің арғы бетіне жүзіп өтпек болған. Бұл жердегі су енсіз болғанымен, тереңдігі 5 метрге жетеді. Бұл қауіпсіз аймақта өткен жылы ғана жас қыз суға батып кеткен еді.
Айта кетерлігі, суға түсу маусымы басталғалы облыс бойынша ондаған адамның өмірі қиылды. Сондықтан төтенше жағдайлар басқармасының мамандары тұрғындарды суға тек белгіленген, құтқарушылары бар аймақта түсуге шақырады.
Қуаныш Есқабыл,
Рудный қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓