Мәликаға көмек керек

Өмірге құштар, өнерге ғашық кішкентай қыз Мәлика Мұқтарованың есімі қалың оқырманның есінде шығар. Сүйкімді балақай туралы 2014 жылы газетімізге жазған едік. Оның тағдыры басқа балаларға ұқсамайды. Тумысынан сал ауруына (ДЦП) шалдыққан. Екі жыл бұрынғы мақаламызда Мәликаның талпынысын, бала-арманын әңгімемізге арқау еттік. Бұл жолы оған көмек керек.Изображение 2 653....
Мәлика «Балапан» теларнасы ұйымдастырған байқаудың телевизиялық түсіріліміне жолдама алды. Түсірілім биылғы жылғы 3-4 тамызда Алматы қаласында өтеді деп хабарлаған.  Мәлика «Мой Казахстан» және «Құтты ұям» әндерін айтамын деп дайындалып қойған. Бір "әттеген-айы", жолақыға төлеуге ақша табылмай жатыр. Қиналғанға қол ұшын беру – адамгершілік қасиетінің жарқын үлгісі. Қайырымдылықтан қалыс қалмай, жақсылық жасаймын десеңіз, Мәликаның анасы Айман Аяғанова ұсынған есепшот нөмерін жариялап отырмыз. Толық ақпарат білгіңіз келсе, редакциямыздың 8(7142) 54 28 42 телефон номеріне хабарласыңыз.
Осы орайда оқырманды "Мәлика қандай қыз?" деген сауал ойландырары белгілі. Мәлика – жанып тұрған қыз. Ол – өз ортасының жұлдызы. Арбаға таңылса да, үйде бұғып отырған жоқ. Құрбы-құрдастарымен бірге мектепке барады. Оқудан тыс уақытында «Үміт-Надежда» қоғамдық бірлестігінде вокал және би үйірмесіне қатысады. Ән салғанды ұнатады. Өлең айтуға әжесі Ұлболған үйреткен. Ұлболған апамыз Ресей жерінде туып өскендіктен, немересіне алғаш орыс тілінде өлең үйретіпті. Сондықтан Мәлика екі тілге бірдей жүйрік. Ол ана тілімізде білім беретін мектепте оқиды. Қостанай қаласындағы Ғ.Қайырбеков атындағы №9 мектептің 10-сыныбына көшті.
Мәлика Қазақстан эстрадасының әншісі Қарақат Әбілдинаның әндерін асқан шеберлікпен орындайды. Алғаш рет сегіз жасында Астана қаласындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында өткен «Екі жұлдыз» байқауында   Қарақаттың «Айналайын» атты әнін айтқан. Бұл оның ең алғаш сахнаға шығуы болатын. Содан бері Мәлика облыстық, республикалық вокал, арбамен билеу байкауларына катысып келеді. Әртүрлі сайыстарда бақ сынаумен қатар, жүлделі орындарға да ие болды. Мысалы, былтырдың өзінде Қарағанды және Алматы қалаларында өткен арбамен билеу байқауында екінші, үшінші орындарға ие болды. Мәликаның алар асуы алда. Біз оған сенеміз.
 
БИК EURIKZKA БАНК БЕНЕФИЦИАРА: АО «Евразийский Банк»
ИИК KZ3194800KZT28700011 БЕНИФИЦИАР: АО «Евразийский Банк»
БИН 04104101449

ФИО_АЯГАНОВА АЙМАН БЕРИКОВНА
ИИН_741114400459
KZ519480008A01788240
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓