Ардагер алғыс айтады
«Құрмет Белгісі» орденінің иегері, КСРО Білім беру ісінің үздігі, тыл ардагері Миғдат Жақыпбайұлы біздің газеттің сайты арқылы есік алдына шығып, демалып отыратын бір орындыққа зар екенін жеткізген.Содан соң газетте «Тыл ардагерінің бір өтініші» атты мақала жарыққа шықты. Тоқсанды алқымдаған қарияның мәселесіне «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы араласып, оң шешімін тапты.
– Бұл мен үшін ғана емес, менің көршілерімнің де мәселесі еді. Енді, міне, облыстық «Қостанай таңы» газетінің арқасында темір шарбақты орындық еткен қарттар жайлылық сезінді. Жағдайымызды тыңдап, «Нұр Отан» партиясынан келген қызметкерлерге де алғысымыз шексіз, – деді тыл ардагері Миғдат Жақыпбайұлы.
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков.