Лисаковта әйел мүрдесі табылды

Беймәлім әйелдің денесі қаланың 7-шағын ауданындағы салынып бітпеген мешіттің артынан табылған. Мамандар мүрдеде қылмыстың іздері жоқ екенін айтады. Тәртіп сақшылары марқұмның қала тұрғыны болуы бек мүмкін деп жорамалдап отыр. Оның үстінде  “Clement” жазуы бар көк түсті жейде, тор мәнерлі сұр шолақ шалбар, сарғыш кроссовкасы болған. Осы ретте дүкен немесе сауда үйлерінің маңынан осындай киімді әйелді көргендер, тіпті танитындар болса, қалалық ІІБ-не 102 немесе 3-27-11, 3-50-02 нөмірлеріне хабарласуды өтінеді.  
Полицейлер нақтылағандай, азаматша көз жұмғалы он күннен артық уақыт өткен. Алайда, дене табылған маң қала ішінде болса да, ешкімнің көзіне түспей келгені таңдандырды. Оның үстіне, осы кезге дейін марқұмды іздеп ешбіреу ҚІІБ-не хабарласпаған. Сол себептен де марқұмның кім екені беймәлім қалпында қалып отыр. Ал құқыққорғау органдары тұрғындардың қандай да бір көмегіне иек артуға мәжбүр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓