Жәрмеңке өтті
Бүгін Спорт сарайында ауыл өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов пен облыс басшысының орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов жәрмеңкенің жай-жапсарын бақылап қайтты. Бұл жолы облысқа қарасты барлық аудан мен қаладан сатылымға 100 тонна азық-түлік әкелінді. Қант пен ұнды жекеменшік өндірушілер сатуда. «Дамир» ЖШС-нің бағамы бойынша, қанттың құны – 190 тг, ұнның 1-сұрыптысы – 65 теңге, жоғары сұрыптағы ұн – 78 теңгеден. Әдеттегідей, жұмыртқа мен сұйық майға кезекке тұрушылар көп болды. Жергілікті «Жас Қанат» кәсіпорны мен «Север Птица» АҚ он жұмыртқаны 200 теңгеден сатты. Жылқы еті – 1000-1100, сиыр еті – 850-900 теңгеден. Шошқа етінің келісі 700-750 теңгеден саудаланды.