Мал шаруашылығын мандытпақ керек

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Рудныйда болып, мал шаруашылығының ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларына арналған жиын өткізді. Басқосуға Үкімет басшысының орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, «Атамекен» ҰҚК Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ұлттық компаниялар басшылары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер қатысты.IMG_9056Елбасымыздың ауыл шаруашылығы саласына басты назар аударып, Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдауларының арқасында бүгінде ауыл шаруашылығы саласы еліміздегі қарқыны дамыған салаларының бірі ретінде аталып келеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ынталандыру мақсатында елімізде «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы жүзеге асырылып отырғаны көпшілікке белгілі. Бұл бағдарлама аясында етті мал өсіру саласын дамыту, оның экспорттық әлеуетін арттыру сияқты бірнеше басым бағыттар қамтылған. Ал, былтырғы жылдан бастап осы бағдарлама аясында қой өсіру саласында мал басын арттырып, асылдандыруға ден қойған отандық фермерлерге тікелей қолдау көрсету мақсатында «Алтын асық» атты арнайы бағдарлама әзірленген. Дегенмен, салада қордаланған мәселелер де жоқ емес. Соның ең бастысы – Сібір жарасы. Жиналғандар мал шаруашылығы өнімдеріне ветеринарлық бақылауды күшейтпесек, жағдай түзелмейтінін жасырмады. Бүгінде осы оқиғаларға байланысты көршілес Ресей мен Қытай қазақстандық экспорттаушылардың өніміне шектеу енгізген. Сондай-ақ кездесуде мал шаруашылығын субсидиялау, қосымша құн салығына қатысты кейбір түйткілдер сөз болды.IMG_9008Кәрім Қажымұқанұлы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жиында көтерілген барлық мәселелерді назардан тыс қалдырмай, жұмыс барысында шешуді тапсырды.
Жұмыс сапарының соңында Үкімет басшысы қаладағы Металл илектеу зауытының тыныс-тіршілігімен танысты.
Материалдың толық нұсқасын газетіміздің алдағы сандарынан оқи аласыздар.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓