КӨРМЕ КӨЗАЙЫМЫ – ҚОСТАНАЙЛЫҚ ТРАКТОР

Еліміздегі ауылшаруашылық техникаларын жасап шығаратын бірден-бір жетекші кәсіпорын – «АгромашХолдинг» серіктестігі заманауи үлгідегі «LOVOL» тракторларын шығара бастады. Жаңа үлгідегі қостанайлық техника жуырда Елордада өткен халықаралық «AgriTekAstana – 2019» көрмесінде көпшілікке таныстырылды. Мамандардың айтуынша, қостанайлық трактор алқапта тегеурінді. Ауыр жұмысқа төзімді. Мал шаруашылығына да аса ыңғайлы.  WhatsApp Image 2019-03-13 at 10.55.20 (1)
 
WhatsApp Image 2019-03-13 at 10.55.20«АгромашХолдинг» биыл «Lovol 1304»  үлгісіндегі 100 трактор құрастырып шығармақ. Жаңа техниканың қуаттылығы –  130 ат күшіне тең. Кәсіпорын алдағы уақытта өндіріс көлемін еселеп, жылына 1000 трактор шығаруды көздейді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓