Прокуратура қызметке қабылдайды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы прокуратура органдарының бос лауазымдарына 2016 жылдың 15 тамызынан бастап республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында байқаулар жарияланатынын хабарлайды. Байқауға қатысуға ниет білдірушілер облыс, Астана және Алматы қалалары прокуратураларының, Бас көлік прокуратурасының, құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің, құқық қорғау Академиясының кадр қызметіне хабарласа алады.
Конкурс алдында үміткерлер алдын ала іріктеуден және зерттеуден өтеді. Ол үшін құжаттарды тапсырып, заңнаманы білуге тестілеу, қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырылудан өту қажет. Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік органдарында міндетті түрде арнайы тексерістен өту міндетті. Ал бұған дейін үміткерлер дәл осындай тексерулерден өтіп, оның жарамдылық мерзімі өтіп кеткен болса, осы рәсімдерді қайта өтулері қажет. Тексерулерден өтуге жолдау қағаз кадр қызметтерінде беріледі.
Бос лауазымдық орындардың тізімдері 2016 жылдың 1 тамызынан бастап прокуратура органдарының ақпараттық қорларында жарияланатын болады. Толықтай анықтамаларды және барлық сұрақтарға жауаптарды прокуратура органдарының кадр қызметінен, сонымен қатар www.prokuror.gov.kz сайтынан алуға болады.
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ.