Заманауи оқу ордасының міндеті – кәсіби маман даярлау
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты еліміздің солтүстік аймақтарындағы кәсіби-педагогикалық, жан-жақты ғылыми білім беретін және зерттеу орталығына айналады. Бұл оқу орнының міндеті – кәсіби біліктілігі жоғары, қазіргі заманға сай педагог даярлау.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жарқын болашақтағы даму бағдарламасында «Қазақстан-2050» стратегиясын табысты іске асыру жолы таңдалып, жоғары мектептерді дамытудың жаһандық үрдісіне сай стратегиялық бағыттары анықталған. Олардың негізгілері төмендегідей:
1. Қазіргі заманға сай институтты тамамдаған педагогтың құзырлық моделін енгізу, яғни, ол екі модельді біріктіреді: мұғалімнің құзырлық моделі және заманға сай педогогтарды оқыту моделі. Құзырлық модельдерді іске асырудың негізгі нәтижелері:
білім беру қызметтерінің сапасын халықаралық деңгейге көтеру;
– зерттеу бағыттарын кеңейту және ғылыми жетістіктердің санын арттыру;
– институттың ғылыми зерттеу қызметін жетілдіру және ғылыми жетістіктерді ішінара коммерцияландыру.
Білім беру қызметтерінің сапасын халықаралық деңгейге көтерудің негізгі
жолдары мынандай: қазіргі заманға сай оқыту әдістемесін енгізу және оқу үлгерімін бағалау; білім беруді модельдік жүйеге толық көшіру; икемді білім беру траекториясына көшу; тәжірибелік сағаттар санын арттыру және өзіндік жұмыстар сапасын көтеру; көп тілді оқыту бағдарламасын кеңейту; сыртқы академиялық ұтқырлық үлесін арттыру.
2. Білім беру қызметін жаңғырту, еңбек нарығында қажеттілікке сай жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеу.
3. Түлектерді жұмысқа орналастыруды ұлғайту және олардың мансаптық өсуі мансаптық орталықтардың ашылуына да байланысты, себебі олар түлектерді жұмыс берушілердің бос орындары туралы хабардар етіп отырады, студенттермен семинар өткізіп, оларды түйін дайындауға және сұбхаттасудан өтуге үйретеді; студенттер үшін сынамалық сұхбаттасулар жүргізіледі.
4. Зерттеу бағыттарын кеңейту және ғылыми жетістіктердің санын арттыру. Ғылыми әлеуеттің дамуының негізгі саласы әрбір жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми құзырлығының өзекті бағыттары; профессор-оқытушылар құрамын барынша тарту, білім алушылардың ғылыми зерттеулерін қаржыландыру; міндетті ғылыми бағдарламалар мен шетелде тәжірибеден өту жобасының шығынын қаржыландыру, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми құзырлығын тұрақты көтеру үшін жағдай туғызу.
Ғылыми жетістіктерді ішінара коммерцияландыруды дамыту мақсатында технологияны коммерциаландыру кеңсесі құрылады. Оның атқаратын қызметтері: кірісті көбейту мақсатында зияткерлік меншікті басқару; Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының әзірлемесі негізінде серіктестермен біріге отырып, инновациялық және стартап-жобаларды іске асыру .
5. Білім беру ұжымында ғылыми-негізделген тәсілдерді ұйымдастыру және дамыту мақсатында Білім тарату кеңсесі құрылады. Оның негізгі атқаратын міндеті: ақпараттық жүйе арқылы технологиялық сипаттағы ақпараттарды тарату, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, тікелей тарату, өзге де арналар жүргізу, тәжірибе жүзінде озық инновацияларды пайдалана отырып, қысқа мерзімді білім беру семинарларын өткізу және оларды білім беруде пайдалануды көрсету; Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты профессорлық-оқытушылар құрамы тікелей кеңес береді.
6. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында институттың құрылымын жетілдіру ұсынылады және оның бөлімшелері арасындағы нақты өкілеттік шектеулер қойылады.
Кафедраларға, деканаттарға бағынатын болады, олар өз күштерін білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға және білім беру қызметтерін жетілдіруге жұмсайды.
Кеңселер белгілі бір ғылыми бағыттың дамуына қолдау жасайды немесе басқа да мәселелерді шешеді.
Негізгі әкімшілік, департаменттер. Оған әр түрлі бөлімдер кіреді, олардың атқаратын қызметтері факультеттер мен кеңселердің жұмыс істеулеріне жағдай жасауға бағытталады.
Сондықтан, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының даму бағдарламасын жүзеге асыру, институтты кәсіби- педогогикалық, ғылыми білім беру және зерттеу орталығына, білім беру қызметтерінің сапасын халықаралық деңгейге көтеруіне және институт тек Қазақстанның Солтүстік аймағында ғана емес, республика бойынша жетекші жоғарғы оқу орнына айналатындығының кепілі бола алады.
–
Гүлмира Дамбаулова,
М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ экономика факультетінің деканы,
э.ғ.к., доцент.